Күйеуін қари еткен әйел

Күйеуін қари еткен әйел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеде бір бойдақ жігіт жүзінен нұры төгілген иманды әрі сұлу қызға көзі түсіп, соңынан қалмай жүріп, ата-анасының алдынан өтеді.

«Бұйрық болса бағын байламайық» деген ата-анасы да разылығын беріп, ақ некелерін  қияды. Арада  бірнеше күн өтеді. Бір күні кешкісін әйелі күйеуіне: 

– Екеуміз жарысайықшы, иә? – деп қолқа салады. Таңданған күйеуі: 

– Қалай, неден жарысамыз? – дейді. Келіншегі: 

– Құран жаттаудан, – деп жауап береді.

Сонымен келісіп, екеуі Құран жаттаудан жарыса бастайды. Күндер сырғып, жылдар жылжып өте береді. Арада біршама уақыт өткенде жігіт ақ некелі жарын Құран жаттаудан басып озады. Мұнысына марқайып, қатты қуанған ол бір күні ата-енесіне қонаққа барып отырып, әңгіме арасында:

– Білесіздер ме? Біз қыздарыңыз екеуіміз Құран жаттаудан жарысып едік. Арада екі жыл өткенде мен Құранды толығымен жаттап қари болдым. Қыздарыңызды басып озып, жеңімпаз атандым! - дейді марқайып.

Бұл сөздерді естіген ата-енесі аң-таң болып, бір-біріне қарасады. Енесі: 

– Балам-ау, біздің қызымыз Құран Кəрімді 9 жасында жаттап алған. Сен мұны білмеушіме едің? – дейді.  Мұны естіп қайран болған жігіт әйеліне келіп, оның мұны осынша уақыт неге жасырып жүргендігін сұрайды. Сонда парасатты келіншек: 

– Мен сізбен танысқанда сіз Алланы танығаныңызбен, Оның сөзінен де, Өзінен де алыстау жігіт едіңіз. Сондықтан сізге тұрмысқа шығып, Алланың сөзі болған Құранды үйреткім келді. Алла жазса, Жәннатта сізбен бір деңгейде болуды қаладым, – деп жауап берген екен.


islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: