Егер қыз бен жігіт бір-бірімен жақын туыс болса, онда
олар бір-біріне үйлене алмайтыны анық. Сонымен қатар
Ислам дінінде қыз бен жігіт бір-біріне туыс болмай бірақ
сәби кезінде бір ананың сүтін емсе яки ішсе онда олар да
бір-біріне ана сүті жағынан туыс болып бір-біріне қосыла
алмайды. Ендеше, төменде сүт жағынан туыс болуы үшін
шарттар мен жағдай қажеттілігі айтылады.
1. Сүт бір әйелге тиісті болуы қажет.
Басым
көпшіліктің көзқарасына қарай сүт емізген әйел
тұрмыста яки бойдақ немесе күйеуінің жоқтығы
нәтижені өзгерте алмайды. Сүттен басқа бір
нәрсені, мысалы сары су, қан яки құсықты жеу сүт
туыстықты тудыра алмайды.
2. Сүт емген баланың асқазанына жетуі қажет.
Сүтті
омыраудан ему мен бір ыдыстан ішудің арасында
ешбір айырмашылық жоқ. Бала омырауға аузын салып, бірақ сүт емгені белгісіз болса, онда харамдық
тумайды, өйткені күмәнмен үкім тұрақты бола ал-
майды. Мәликилер бойынша, мұндай жағдайда
сақтықпен амал етіп харамдықты дұрыс көреді.
Шафиғи мен Ханбалилер бес бөлек емуді шартқа
қосады, өйткені хазіреті Айшаның бір риуаятына
қарай, Құранда алдымен «Он рет ему харамдықты
туғызады» аяты келіп, кейіннен бір аят арқылы
осы ему беске түскен... Шафиғиларға қарай, ему санын беске түсірген осы
аяттың үкімі Құранда жазылып, оқылуы «нәсх» (үкімі
жойылған) етілген бір аят болса да, үкімі жалғасу үстінде.
Бұл «кәрі кісі мен кәрі әйел зина жасайтын болса, оларды «рәжм» етіңдер» аятына ұқсайды. Алайда, Ибнул
Хуммам бес рет емуді білдіретін осы аят тек қана тілуәті
ғана емес, сонымен қатар үкімінің де нәсх етілгенін айтады.
Ханафилер мен Маликилер бойынша, сүт ему өлшемі
аз болса да көп болса, да бәрібір.
Дәлел: «Сүт емізген
аналарың (сендерге харам етілді)» аяты мен «Нәсәп нәсілі, ата-тегі жағынан харам болғандар
сүт жолымен де харам болады» хадисі. Осы аят пен
хадисте ему өлшемі айтылмаған.
3. Емізу ауыз яки мұрын жолы арқылы болуы қажет,
өйткені сүт тек осы екі жол арқылы ғана асқазанға
жетіп, сіңуіне арқау болады.
Ханафилер, Шафиғи және Ханбалилер бойынша зәр
жолы, көзге, құлаққа яки бір жараға ағызу арқылы сүт
туыстығы тумайды.
4. Сүттің басқа бір сұйық затпен араласпауы қажет,
ондай жағдайда ханафи мен мәликелер бойынша,
көп болғаны негізге алынады.
Сүт артық болса,
харамдық туғызады. Ал, Әбу Ханифаға қарай
бір затқа араласқан сүт аз болсын, көп болсын
харамдық туғызбайды. Өйткені бұл қорек сүттің
қуатын жоғалтады.
Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бұл жерде көпті
негізге алады.
Бір әйелдің сүті басқа бір әйелдің сүтімен араласып кетіп осы бала ішетін болса, Юсупке қарай, көп болғаны негізге алынады. Аз болғаны
есепке алынбайды. Сүттердің өлшемі тең болса, араласып кеткендіктен екі әйел жағынан да сүт туыстығы
туады. Маликилер мен Имам Мұхаммед және Зуфарға
қарай, мұндай жағдайларда екі әйел жағынан да сүт
туыстығы туады. Сүттердің тең, яки кем болуы нәтижені
өзгерте алмайды, сондықтан екі бірдей нәрсе басымдық
көрсетпейді.
Сонымен қатар сүттің белгілі бір жасқа дейін алынуы
да маңызды.
Көпшіліктің көзқарасына қарай туыстық еткен
сүттің алғашқы екі жыл ішінде емілуі қажет. Өйткені
аятта «Аналар балаларын толық екі жыл емізеді» деп
айтылған. Ата-тегі жағынан туыстығы болған балаларға
қатысты осы үкім сүт емген басқа балаларға да қатысты.
Хадисте «Сүт туыстығы тек екі жыл ішінде емізген
сүтте пайда болады».
Әбу Ханифа бойынша, сүт ему мерзімі – отыз ай.
Бұған мына аят дәлел: «Баланың құрсақта арқалауы мен
сүттен айырылу мерзімі – отыз ай».
Ендеше отыз айдан асқан бала өзге бір әйелді еметін
болса, онда ол әлгі әйелдің сүт баласы бола алмайды.
Сөз соңында, сүт арқылы туыстықтың үкіміне келер
болсақ, бір анадан сүт емген қыз бен жігіттер бір-бірлеріне
үйлене алмайды. Білмей үйленіп, кейіннен білетін болса дереу ажырасулары қажет. Мұндай сүт бауырлардың
қиылған некелері Әбу Юсуп пен Имам Мухаммед бойынша мүлде жарамсыз.
Сүт жағынан туыстар бір-біріне бөтен болмайды.
Бір-бірлеріне еркін қарай алады, бірақ сүт анасы мен сүт
бауырларына мирасқор бола алмайды. Сондай-ақ, сүт ана
да сүт баласынан нәпақа сұрай алмайды. Әрі мирасқоры
бола алмайды.
Сондай-ақ, емген баланың сүт анасының күйеуі де
әлгі балаға сүт әкесі болып табылады.
Сүт әкесі өлсе де,
әйелінен ажырасса да әлгі балаға сүт әке болып қала береді.
Сүт емген баласы да сүт әкесінің ұрпағы мен туыстарына
үйлене алмайды, яғни сүт әкеге тиесілі барлық балалар
әлгі сүт емген баланың сүт бауырлары болады.