Әйелдер жамағаты мешітте бас қосты

Әйелдер жамағаты мешітте бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Тараз қаласындағы Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде әйелдер жамағатына «Ізгі ниет пен шыншылдық» тақырыбында уағыз жүргізілді. 

Уағызға мешіттегі сауат ашу курсының «Құран тобы» мен «әліппе тобы», сонымен қатар мешіттегі дәрістерге қатысушы жастардың ата-аналары қатысты. Мешіт ұстазы Жібек Қолағұлова тақырып аясында насихат жасады. «Ислам діні ата-ананың өз балаларына шыншыл болуына үгіттейді, әрі қоғам мүшелерін өзара келісім мен ынтымақта өмір кешуге шақырады», - дейді ұстаз.

Уағыз соңында әйел жамағаты ақ дастархан басында бас қосты. Кең жайылған дастарқанға ақжаулықты апаларымыз бата беріп, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын тіледі.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: