Қайырымдылық - көңілдің нұры.

Қайырымдылық - көңілдің нұры.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Қайырым қылсаң қайырын өзің көресің демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал мәтелдерде айтып кеткен. Алланың разылығын іздеген, құлшылығы тек рухани және тәнімен шектелмей Пайғамбарымыз (с.а.у.)  әрбір игі іс садақа деген хадисіне сүйеніп қайырымдылық жасаушы жандар аз емес.

        Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты   Көктөбе ауылы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпановтың ұйымдастыруымен ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасына азық-түліктей (10 қап ұн, 50кг макарон, 50л сұйық май, 30кг күріш) қайырымдылық көмегі көрсетілді.

       Жәрдемге ризашылықтарын білдірген мұқтаж жандар шараны ұйымдастырған «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпановқа  шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: