Шу аудандық Төле би мешітінде құрбан айтқа байланысты ауданға қарасы ауыл молдаларымен кезекті жиын өтті.
Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларын келе жатқан қасиетті құрбан айт мейрамымен құттықтап, ҚМДБ-дан және орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен келіп түскен құрбан айт мейрамына қатысты хатпен таныстырып, бірқатар жұмыстарды тапсырды. Атап айтсақ, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығымен, тәртіп ережелері; Құрбан айтқа байланысты баннерлердің ілінуі; Автобустарда бір күндік жол ақысы тегін болуын қамтамасыз ету; Құрбан айт күндері қайырымдылық науқанын ұйымдастыру; Қасиетті Құрбан айтты өз деңгейінде өткізу т.с сияқты маңызды мәселелерді жүктеді.
Жиын соңында ауыл молдалары құрбан айтқа қатысты өз сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төле иби мешітінің баспасөз қызметі.