Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы  мешіт ауыл тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда. Д.Жандосұлы ат басын  Бетқайнар және Жаңа-тұрмыс ауылдарына тіреді. Кездесуге ауыл тұрғындары қатысты.

 Кездесу барысында наиб имам тұшымды уағыз айтып, иман мен үлкен күнәлар жайында түсіндіріп, шайтанның азғыру жолдары атты тақырып аясында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлері дінге қайшы келмейтінін, керісінше діннен бастау алатынын тілге тиек етті.

 Наиб  имам дін атын жамылған экстремистік әрекеттердің қаншалықты қауіпті екенін жан-жақты түсіндіріп, олардың мақсатын ашып айтып берді. Мұсылман қоғамының басты проблемасына айналған ағымдардың ылаңы кім-кімді бей-жәй қалдырмай отыр.

Ағымдардың  көксеген мақсаты мен жасап жатқан идеологиялық әрекеттерінің жастар арасында қалай таралып жатқанына тоқталған Д.Жандосұлы, мұндай жат ағымдармен қоғам болып күресу керектігін баса назарда айтып өтті. Уағыз соңында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Аудандық Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: