Қордайда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабінің тұсаукесері өтті

Қордайда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабінің тұсаукесері өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздегі  жаназа рәсімдерін бір ізділікке түсіру, қаза дастарханында астамшылық танытпау сияқты басқада көптеген мәселелердің түйінін тарқататын, дәл уақытында даналықпен жарық көрген еңбек ҚМДБ ғұламалар кеңесінің бекіткен  «жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы. Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ә.Әлімбеттің қолдауымен аудандық әкімшілікте   «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының  тұсаукесері өтті. 

Бүгінгі таңда аса өзектілігі білініп отырған жан тәсілім ету, мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу рәсімдері және қабір мәселелері, қабірді зиярат етуге қатысты нақты бірізді түсініктеме беретін бұл шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауыл әкімдері, ауылдық мешіт имамдары, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, жаназа, кебіндеу, жерлеу  рәсімдеріне қатысып жүрген ақсақалдар осы тұсаукесерге толық қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Б.Әлімбет осы еңбектің уақытында жарық көрген туынды екенін айта кетіп, діни рәсімдерді бір ізділікке түсіруде имам-молдаларға  көмек көрсетуге шақырды.  Діни жөн-жоралғыларды тек ҚМДБ сараптамасынан өткен имам-молдалар ғана өткізуге құқылы екенін баса айтты. Келесі болып мінберге шыққан Қордай ауданының найб имамы Д.Жандосұлы  кітаптың басты тезистеріне тоқталып, әрбір тарауға жеке-жеке түсіндірме беріп өтті. Аталмыш туынды бойынша т.б мәселерлер бойынша наиб имамға жиналған қауымнан әр үрлі сұрақтар түсті. Баршасына түсініктеме берілді.

Аудан ақсақалдары, аудандық «Қордай» мешіті жергілікті БАҚ беттеріне «жаназа және жерлеу рәсімдері» кітәбі бойынша түсіндірме жүргізу қажеттігі айтылып, ұсыныс ішкі саясат бөлімінің қолдауын тапты. «Қордай шамшырағы» газетінде аудан имамдары мен аудан ақсақалдары атына ауданның мұсылман жұртына ашық хат әзірленіп, бірауыздан қолдау тауып, БАҚ бетіне басуға жіберілді. Міне, осылайша құдды еңбек Қордай жұртшылығына жол тартты.  Жиынға қатысушыларға кітаптың бір данасынан сыйға тартылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: