Аудан орталығындағы «Жүніс молда» мешіті жағдайы төмен отбасыларды анықтап, 40 (қырық) қап 25-кг ұн таратты.
Мешіт имамының айтуынша, ұн мешітке түскен садақа қаржысына алынған.
«Мұндай қайырымдылық іс-шаралары үшін мұқтаж жандардың мешіт қызметкерлеріне деген алғыстары шексіз. Осы шаралардан соң мешіт жамағатының саны күрт арта бастады,» - дейді мешіт имамы Нұрбек Жанықұлов.
Әрине, күннен күнге азық-түлік бағасы шарықтай бара жатқандығы белгілі. Бұл да болса қиналған жандарға демеу.
Имам ендігі кезекте, азық-түлік (макарон, чай, қант, күрішке) қаражат қарастырылып жатқанын мәлімдеді.
Аудандық «Меркі ата» мешіті.