Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабы Шу қаласындағы жамағатқа таныстырылды.
«Жәми» мешітінде кешкі тарауық намазына жиналған 300 ден астам жамағатқа және «Айтқұл баба», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіт жамағаттарына таныстырылып өтті.
«Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Қазақстан бойынша жерлеу рәсімдерін бір ізділікке салу мақсатында бас мүфти бастамасымен жарық көрген кітапты жеткізіп, алдағы уақытта жан бар жерде қаза бар дегендей, жерлеу рәсімдерін тек қана осы кітап бойынша атқаруға шақырды.
«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі