«Һибатулла Тарази» мешітінде Ғалымжан Есіркепов есімді демеушінің қолдауымен 5 отбасыға көмек қолы созылды.
Қайырымдылық іс-шарасында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, науқас жандарға азық-түлік үлестірілді. Аталған қажеттіліктерді жанұяларға осы мешіттің найб имамы Әбжаппар Әмір табыстады.
Азық-түлікпен бірге ет беріліп, әрбір мұқтажға 10 000 теңгеден ақшалай жәрдем көрсетілді.
Қайырымдылық шарасына жалпы 145 000 теңге жұмсалғанын айта кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі













20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

