Халық қалаулылары ауызашар берді

Халық қалаулылары ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде Рамазан айында бір қатар ізгі шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ, күнделікті тарауық намазынан бұрын жарты сағат жиналған жамағатқа тұрақты түрде уағыз айтылуда. Сондай-ақ, Рамазан айындағы сауапты істердің бірі ауызашар, Жәми мешітінің асханасында күнделікті 150 кісіге ауыз ашар беріліп, ауызашарда тартымды да тағылымды уағыздар жүргізілуде.

Жәми мешітінің асханасында жеке адамдар, мекемелер ұжыммен бірігіп ауызашар беріп, сауапты іс жасауда. Соның бірі үлкен үлгі өнеге болатын Шу аудандық мәслихат депутатарының хатшысы Ержан Көрікбайұлының ұйымдастыруымен «Жәми» мешітінде 150 кісіге халық қалаулылары жамағатқа ауызашар берді.

Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы мешіт жамағатына ауызашар беріп жатқан халық қалаулыларына алғысын жеткізіп, ізгілікті шараны ұйымдастырып мұрындық болып жүрген мәслихат хатшысы Өмірәлиев Ержан Көрікбайұлына рахметін айтып,  жиналған жамағатқа уағыз айтты.

Мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы жамағатты Рамазан айымен құттықтап, келер жылы да осындай он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айына аман-есен жетулеріне тілек білдірді.

Дастархан соңында Түркиядан келген қари Талха Топал Құран оқыған соң, мешіт жамағаты, аудандық мәслихаттың депутаты Сайфуддин қажы Әбдіманапов бата жасап, дуниеден өткен әруақтарға Құран бағыштады.

 «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: