Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы Қасық, Степное және Жаңатұрмыс ауыл округтерінің әкімдігінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде ата дініміздің құндылықтары жайлы мәнді де маңызды сұхбат өрбіді. Ата дінімізді бұрмалап көрсетіп отырған, дінді бейне бір құбыжық етіп көрсетуге ықпал етіп жүрген теріс ағымдардың іс-әрекеттері де кездесу барысында әшкерелінді.
Сонымен қатар Дәуренбек Жандосұлы Ислам дінінің өте жеңіл дін екендігі, дінді жетік түсіну қажеттілігін және де Отанды қорғау, ата-ананы құрметтеу, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, мейірімділікке шақыру – барлығымыздың басты міндетіміз екеніне назар аударды.
Жиынға қатысушылар тарапынан дін қызметкерлеріне сұрақтар қойылып, баршасына жауап қайтарылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі