Шу ауданындағы кезекті жиналыс

Шу ауданындағы кезекті жиналыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Шу аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы өңірге қызмет ететін имам-молдалармен және ауыл ақсақалдарымен кезекті жиналысын өткізді.

     Келелі жиында бас имам Аят Дыбысұлы  ҚМДБ және өкілдік тарапынан келіп түскен тапсырмаларға жеке-жеке тоқталып, ауыл молдаларына  берілген тапсырмаларды уақытылы, сондай-ақ сапалы орындауларын жүктеді.

     Аталмыш жиында  ҚМДБ Ғұламалар кеңесі ұсынған жаназа мәселелеріне қатысты «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың тұсау кесерін өткізіп, егжей тегжейлі түсіндіріп, алдағы уақытта осы кітап бойынша жұмыс жасауларын тапсырып, жиынға қатысқан имам молдаларға таратты. 

Сонымен қатар «Нұр Мүбарак» университеті мен «Һибатулла Тарази» медреселеріне шәкірттер дайындау, сол сияқты т.б. маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады.

    Жиын соңында аудан мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы  ауыл молдаларының атқарып жатқан істеріне сәттілік тіледі.                                  

     Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: