Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінде "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабының тұсаукесері өтті.
Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы мен қала имамдары, мешіт ақсақалдары және ақын-жазушы зиялы қауым өкілдері қатысты.
Өкіл имам Данияр қажы Жұмабаев қолданысқа берілген жаңа кітап жайлы мағұлматтар беріп, онда қамтылған тақырыптарға тоқталып өтті.
Қонақтар басылыммен танысып, қоғамдағы ысырапшылдықты тыюда үлкен көмекші болады деген үміттерімен бөлісті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.