Қайырымды жандардың демеуімен орталық «Меркі ата» мешітінде ораза басталғаннан бері тынымсыз ауызашар берілуде. Ауызашарға зиялы қауым өкілдері, жағдай төмен отбасылары, мешіт жамағаты, ауыл қариялары қатысуда.
Шарапаты мен шапағаты мол айда сауапты амал жасау үшін ауызашарды ұйымдастырушылар, кәсіпкерлер, мешіт жамағаты, жеке азаматтар, қасиетті Рамазан айында Алла Тағаланың мейрім-рахымынан үміттеніп сауапты іс істеп, Жаратушы иеміздің разылығын табуды көздеуде.
Ауызаштыруға ниет білдірушілердің санының көптігі сонша, мешіт асханасында бос күндер жоқ. Асханадан өзге, үй-үйде ауыз аштырып жатқандар қаншама! Мешіт асханасы күніне 100-ден аса жамағатқа ауызашар дастарханын жаюда.
Аудандық «Меркі ата» мешіті.