Ерсін Әміре Т.Рысқұлов ауданындағы жаңа мешіттің лентасын қиды

Ерсін Әміре Т.Рысқұлов ауданындағы жаңа мешіттің лентасын қиды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Кеше Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан (Луговой) ауылында имандылыққа бет бұрып, рухани кемелденуге ұмтылған пенденің көңіліне иман бекітетін, жүрегіне нұр құйып, ақиқатқа бастайтын Алланың жердегі қасиетті үйі ашылды. Мешіт Алланы танудың, ізгілік пен мейрімділіктің және құлшылық қылудың ордасы. Алла үйін салған адамдарға Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деген. Ислам діні еліміз бен жеремізге тарағаннан бастап мешіт салу – Алланың сүйген құлдары пайғамбарлары шұғылданған қасиетті ісі болатын.

 Айлардың сұлтаны Рамазан айы туар сәтте ауыл тұрғындарын бақытқа бөлеген қуанышқа ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, елімізге танымал уағызшы, хафиз, ғалым Ерсін Әміре, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев, Луговой ауылының әкімі Ербол Ауталипов, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев ортақтасты. Ербол Ауталипов осы игі іске ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, ізгілік пен қайырымдылықтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатырған үрдіс екенін айтты. Мұнан кейін сөз алған, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев өңіріндегі мешіттердің көбейіп келе жатқандығын, Ислам дінінің өркен жаюының көрінісі екенін жеткізді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. «Жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын» - деген найб имам ЕржанАманбаев ең үлкен сыйлық қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.

   Ауданының бас имамы: «Мешіт – мұсылман баласының құлшылық етіп, жүрегі рахатқа кенелетін аса мақтаулы және барлық кемшілік атаулыдан пәк орын. Жаратушы алдында бас иіп мінәжат жасап, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрайтын тәубеге келер мекен. Оның табалдырығын аттаған жан қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі. Мешітке келген әрбір адам Алланың қонағы. Алланың жердегі үйі мүмін-мұсылманның басын бір жерге қосатын құт мекені халықты имандылыққа ұйытсын. Мешіттің ашылу салтанатына арналған лента қиылғаннан кейін, ғалым Ерсін Әміре жүз адамға арналған дастархан басында жиналған көпшілікке әсерлі уағыз айтты.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: