Ауылдық мешітте 330 көшет отырғызылды

Ауылдық мешітте 330 көшет отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Меркі ата» мешітінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты елді мекендегі мешіттерде сенбілік жүргізілді.

Сенбілік іс-шара орталық мешітте Наурыз мерекесінің қарсаңында жасалды. Жамағат пен мешіт қызметкерлері мешіт төңірегін қоқыстан тазартып, тал-тараптарды ретке келтірді. Сонымен қатар, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, төңіректен шыққан қоқыс қалдықтары автокөлікпен арнайы қоқыс жинайтын орынға апарылды.

Кеңес ауылдық мешітінің төңірегіне әкімшіліктің қолдауымен 100 терек, 10 жаңғақ, 20 өрік және 200 жеміс-жидек ағаштары отырғызылды.

Мұндай іс-шараны алдағы уақытта ауданның барлық мешіттерінде өткізу жоспарланып отыр.

Аудандық «Меркі ата» мешіті 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: