Наурыздан қайырым

Наурыздан қайырым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Салтымызға сіңісіп кеткен, қыстан аман шыққанымыз үшін шүкір етіп тойлайтын Наурыз мерекесі де елімізге келіп жетті. Күнтізбе бойынша қыс аяқталса да, Алланың қалауымен  көктем өз еншісіне ене алмай, қайта қысқы көріністер орын алуда.

  Осы екі жайтты ескере отыра, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының наурыз мерекесіне қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қордай ауданы «Әл Хафиз» мешітінің имамы Нұрмұхамед Кеулімжаевтің мұрындық болуымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

 Іс-шара барысында жылыту мезгілі аяқталмағаны ескеріліп, 7 отбасына тамызыққа отын және әрқайсысына бір тонна көмірден үлестірілді.   Осылайша, мұқтаж жандарға жылу сыйланды. Ал қуанышқа бөленген жандар алғысын жаудырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: