Қордай ауданының бас имамы Д.Қасымалиев аудандағы елді мекендерге іс-сапармен барып қайтты.
Дастан Жақсымбетұлы Сортөбе ауылына ат басын тіреп, хал- ахуалымен танысты. Аталған ауылда 23 000 жуық халық өмір сүрсе, 13 мешіт ҚМДБ филиалы ретінде тіркелген.
Бас имам елді мекендегі барлық мешіттерді аралап, жамағатымен жүздесіп, көктемгі абаттандыру жұмыстарына дайындық қалай өтіп жатқандығын анықтады.
Бірнеше имамдарға жұмыс бағытын түсіндіріп, тың нұсқаулар берді. Бас имам Д.Қасымалиев іс-сапарын Ауқатты ауылында жалғастырды.
Аудандық «Қордай мешітінің баспасөз қызметі