ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев «Байдібек» қайырымдылық мекемесінде тұрып, қосымша діни білім алып жатқан шәкірттермен жүздесті. Аталған іс-шараға осы мешіттің ұстазы Асхат Акмамбетов те қатысты.
Өкіл имам ілім, құлшылық жайлы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, шәкірттердің хал-ахуалымен танысып, сұхбаттасты. Мұнда 53 шәкірт білім алуда. Аталған мекеме өкілдікпен тығыз байланыста жұмыс жасап отыр. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек беріп, балалардың (оқушы, студент) діни сауатын арттыруда мардымды үлес қосуда.
Білім алушыларға ақида, ахлақ, Құран, фикһ, араб грамматикасы пәндері бойынша дәріс жүргізіледі. Ал мекеменің басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға жәрдем жасай отырып, болашақ ұрпағымызға тәлім-тәрбие беру болып табылады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.