Жалғызбасты аналарға көмек берілді.

Жалғызбасты аналарға көмек берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін орталық "Һибатулла Тарази" мешіті 3 бірдей жалғызбасты анаға қуаныш сыйлады. 

Атап айтар болсақ, баласы қатты науқас Гауһар Айдарбекова мен қан дертіне шалдыққан Айсұлтан Шоқанұлы есімді ұлдың анасына қаржылай көмек көрсетілсе, жастай жалғызбасты ана атанған Бағила Қабылбековаға қаражат және азық-түлік түрінде жәрдем берілді.

Жас болса да баласын өзі асырап отырған Бағилаға мешіт жиі көмек көрсетіп тұраты. Бұл жолы да қиын жағдайға тап болған ананың жәрдемшісі тағы да мешіт болды. Бұл үшін ол қатты қуанып, алғысын жаудырды. 

Қиын-қыстау сәтте жыртыққа жамау болған қайырымдылық шарасы аналарды шын қуантты. Ал жалпы бұл іс-шараға 40 000 теңге жұмсалған болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: