Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Таразда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – өсудің жаңа моделі» атты Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек және Ержан Аманбаев, қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов, Байзақ ауданының бас имамы Рамиз Азимов қатысып қайтты.

Жиынға жиналғандар мәжіліс барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметіне және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көрме жұмысымен танысты. Кеңесті облыс әкімі К.Көкірекбаев жүргізді. ҚР Мемлекеттік Хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова, Масаншы ауылдық округының әкімі Я.Г.Искаков, «КАЗФОСФАТ» ЖШС жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасының орынбасары Ж.А.Оразымбетова, т.б. баяндама жасады. Отырыста қоғамдағы түйіткілді мәселелер ортаға салынып, бірқатар ұсыныстар да айтылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: