1 ғасырлық мешітте Мәуліт оқылды.

1 ғасырлық мешітте Мәуліт оқылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әулие ата» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен мәуліт мерекесі аталып өтті. Іс-шара барысында аталған мешіттің бас имамы Ораз Баймаханов мәуліт оқыды. Жиынға арнайы келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жалпы және жастар білімі Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова жамағатқа «Мәуліт мерекесі» туралы уағыз-насихат жүргізді.

Ал психолог Ләззат Мырзашева көпшілікті айтулы мейраммен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар осы мешіттің ұстазы Фатима Мусаева өз қаламынан туған жүрек жарды діни өлеңдерін оқып, жұртшылықтың жүрегін елжіретті. Ақ дастархан жайылып, әжелеріміз ақ батасын берді.

Мерекелік кештің соңында 3 отбасыға қайырымдылық жасалып, азық-түлік, аяқ киім мен қаржылай көмек көрсетілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: