Тәуелсіздіктің 25 жылдығында дін мамандары марапатталды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында дін мамандары марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен түрлі дін өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев, «Бегалы ата» мешітінің бас имамы Таңат Тілманбетов, Байзақ ауданының бас имамы Рамиз Азимов, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков алғыс хатпен марапатталды. Аталған құрметті Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың табыстады. 

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс халқының рухани құндылықтарының дамуына және конфессияаралық келісімнің нығаюына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс білдіремін» - деп жазылған алғыс хат мәтінінде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: