Ізгіліктің жаршысы білікті біздің имамдар

Ізгіліктің жаршысы білікті біздің имамдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда: «Ай - ат басын бұрғанша, жыл - жылқы аунап тұрғанша» деген қастерлі мәтел бар. Мінекей, сол өтпелі күндердің барлығы Алланың бізге берген шексіз сиы болмақ. Елдігіміз бен теңдігіміздің қос тізгін қатар қолға алып, Тәуелсіз аспан астында сапта тұрып намазға келіп, Жаратушы Алладан тек жақсылық күтіп, бере-бірлік тілеу ол иманды құлдың қасиеті.

Осындай бір кең заманда, ұлтым, дінім, салт-дәстүрім деп жарғақ құлағы жастыққа тимей еселі еңбек етіп жүрген ұлт зиялылары аз емес. Солардың ішінен істеген қызметі өлшеусіз болатын, халықтың рухани жан дүниесінің азғындамауына қамал болатын: Ол - имамдарымыз бен ұлағатты ұстаздарымыз! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының: « Имамдардың білімсіз жұмыс атқаруын ертең елестету мүмкін емес. Әлі –ақ ортамыздан бәсекеге қабілетті ғалымдар шоғыры да қалыптасады.

Қазір біз сол топтың өкілдерін даярлаудамыз. Білімді ортаның ірге тасын қалаудамыз. Болашақ ұрпақ дініне адал, сеніміне берік, жоқ-жітікке жәрдемші, қарапайым қалтқысыз еңбектің иелері болатынына сенеміз» деген болатын, бір кездесуінде. Шынымен бүгінгі мүфтияттан бастау алатын ізгі шаралардың барлығы халықтың игілігі үшін.

Жоғырыда айтқанымыздай ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қарының жетекшілігімен облыс көлеміндегі аудан-қала имамдарының басын қосқан апталық семинар болып өтті. Семинарға арнайы ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Құрбанұлы, Сарыағаш медресесінің ұстаздары Нұресейтов Зират, Сыдықов Дінмұхамед қатарлы ұстаздар келіп, фиқ, ақида, Құран, Хадис ілімдерінен сабақ жүргізді.

ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Құрбанұлы мешіт жамағатымен де кездесіп, уағыз жүргізді. Апталық семинар соңында Жамбыл облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы баяндама жасап, аудан имамдарына құттықтау алғысхаттарымен қоса бағалы естелік бұйымдар тарту етті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қары имамдарға арнайы сертификат табыстады. Имамдар семинардан кейін Жамбы облыс әкімдігі Дін істері басқармасының маманы, Құралбаев Аянның бастамашылығымен облыстағы орталық Мұражай мен қоса мәдени ошақтарын аралап қайтты.


Көгедай Шәмерхан
Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: