Жамбыл ауданы Бірлесу – еңбек ауылында Бірлесу – еңбек орта мектебінде ұстаздар мен оқушылар арасында кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және мектеп диреторы Бақтыбек Иманбаев қатысты. Алғашқы сөз ауданның бас имамына берілді. Үлкенді құрметтеу,ұстазды сыйлау,білім алу,ата-анаға қарсы шығу жөнінде уағыз айтылды.
Ата-анаға қарсы шығу – ең үлкен күнәлардың қатарында. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына: -Сендерге күнәлардың ең үлкені қайсы екенін айтайын ба? - дегенде, сахабалары: «Иә, айтыңыз», -дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы шығу, нақақ адам өлтіру, өтірік айту»,- деп жауап берді.
Пайғамбарымыз бір хадисте. « Әке –шешесі қолында қартайып, жаннатқа кіре алмағанның жағдайы қандай өкінішті», - деді. Негізінде, Аллаһ тағала бізді жаннатқа лайық қылу үшін дүниеде шексіз мүмкіндіктер сыйлаған. Бұл Аллаһтың мейірімділігін танытады. Солардың бірі - әке-шешеге құрмет.
Ата-анаңа қалай құрмет көрсетсең, өз балаңнан да солай құрмет көрерсің. Өз балаңыздан қандай жақсылық күтсеңіз, ата-анаңызға сондай жақсылық істеңіз. Себебі не берсеңіз, соны аларсыз .Не ексеңіз, соны орарсыз. Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаңда өзіңе емес пе. «Ата-ана не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ақ жаулықты, ақ шашты өз аналарымыз бен данагөй қарияларымызды ардақтайық, көңілдеріне қаяу, жүректеріне қайғы салмайық, ағайын!
«Бәйдібек»мешітінің
Әмірбеков Әбдіразақ
найб имамы