Ақпараттық насихат тобының кезекті атқарған жұмыстары

Ақпараттық насихат тобының кезекті атқарған жұмыстары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази»  мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қарының ұйымдастыруымен өкілдікке қарасты аудан, ауылдарда АНТ мүшелері жалғасты кездесулерін өткізді.

          АНТ мүшелері 3 топқа бөлінді.  1- топта «Бегалы Ата» мешітінің бас имамы, Болегенов Ерлан.  «Асым Ата» мешітінің бас имамы Ахметов Хамидулла.  2 - топта «Молда Мұхамеджан» мешітінің бас имамы Оразов Исатай. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы жастар өкілі, Аманбаев Ержан. 3 - топта «Тектұрмас Ата» мешітінің бас имамы Бимурзаев Мұхтар,  «Айсұлу Ана» мешітінің бас имамы Қуанышбеков Қанат. 4 - топта «Әбдіқадыр» мешітінің бас имамы Ахметов Айнабек, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Нарымбетов Еркебұлан қатарлы имамдар тобы болды.

Имамдар өздері барған аудандардағы, көлледж, мектеп, мешіттерде көпшілікіпкен кездесулер өткізді. Барған аудан-ауыл имамдары да, бұл шараларға  өздері де атсалысты. Бұл  сапардың мақсаты халықты ынтымаққа шақыру, қоғамдық ортада болып жатқан мәселелерді талқылау, ортақ пікір алмасып ой бөлісу, жаңа заңның рухын жеткізіп Ислам дінінің құндылықтарын түсіндіру. Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру. Теріс ағымға түсіп кетпес үшін кеңес беру. Қоғамдағы рухани моральдық адамгершілікті сақтау. Жоғарғы билік пен төменгі жүйенің арасына алтын көпір болуы. Діни пікір-талас болмас үшін ҚМДБ-ның пәтуәсін басшылыққа алу, мемлекеттік Ата-Заң ержесіне бойұсыну керектігін жеткізу  аясында  сөз  қозғалды. Ант мүшелері «ҺибатуллаТарази» мешіті тарапынан шығарылған,  имамдарымыздың Жұма уағыздарын жазған дисктері  мен қоса,  Ерсін Әміренің МР-3 нұсқасындағы уағыздарын көпшілікке тегін таратып берді.

                                                                           Көгедай Шәмерхан

                                                                                   Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: