4 айлық сауат ашу курсы аяқталды

4 айлық сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде  ұйымдастырылған 4 айлық сауат ашу курсы аяқтады .

         4 айлық курста,  Құран әліппелік сауат, Мазхабтар тарихы, Ақида,  Фиқһ  бойынша арнайы білікті ұстаздар дәріс берді. 4 айлық курсты жақсы оқып, нәтиже көрсеткен азаматтарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қары  арнайы мешіт тарапынан куәлік берді. Бұл курста студент жастар, қызметкерлер, кәсіпкер азаматтар болды.

Өкіл имам , Жұмабаев Данияр қары «Бүгінгі  таңда, Қазақстан халқы рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру салтын қалыптастыру жолында екендігі баршаға мәлім. Әуелі ілімді рухани тәрбиеден бастау  асыл дініміздің құндылықтарын үйренуге құлшынудан тұрады.  Бұл жолда мақсатқа жету үшін діни ілім алып, Алланы тануға  құлшынудан асқан бақыт жоқ екенін айта келе, білім  иелерінің екі өмірде де дәрежесінің жоғары болатынын жеткізді.» Жамағаттың  діни сауатының жоғары болуы, қоғам тыныштығының кепілі, мешіт имамдарының атқарған қызметтерінің нәтижесі. Алла баршамызға ауызбіршілік берсін.

Hibatulla.kz   

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: