Жақсылықта жарысу Қордайда жалғасуда!

Жақсылықта жарысу Қордайда жалғасуда!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың елшісі Саһл ибн Сағдтан жеткен хадисте: Алла елшісі : «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын» -деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып көрсетті»-делінген  хадисі  әлемдегі миллиондаған мұсылмандарды жетімге қамқорлық жасауға шабыттандырғаны ақиқат. Оның үстіне тақуа ата-бабаларымыз осы хадиске сай «жетім көрсең жебей жүр»-  деп ұран тастағаны баршамызға мәлім.

Міне бүгін аудандық  «Қордай»  мешітінің ұйымдастыруымен «Құл Қожа Ахмет Йассауи» қайырымдылық қорының демеушілігімен жоғарыдағы Алла елшісінің хадисіне, ата-бабаларымыздың ұранына сай  амал жасалынды. Олай дейтініміз аудандық «Қордай» мешітінде  жетім балалармен әлеуметтік жағдай төмен  53 отбасына азық-түлік қоржыны таратылды. Азық-түлік қоржын ішінде 5 кг ұн, 5кг макарон, 3 кг құмшекер, 3 кг күріш, 0,5 кг шәй және  1 литр сұйық май бар.

Аталмыш іс-шарада Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай жиналған ата-аналармен бүлдіршіндерге уағыз айтып, аталмыш игі шараның мақсаты мен мүддесі тек бір Алланың разылығы екенін түсіндіріп, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Кішкентайынан жетімдікті көрген бүлдіршіндерге, Құдай қосқан жарынан айырылған жалғыз басты әйелдерге азық-түлік қоржындары үйлестірілді. Бір қуанып қалған көмек алушылар өз разылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға, демеушілерге Алладан рахым тілеп дұға жасап тарқасып жатты.Басқа мұсылман бауырының екінші мұсылман бауырына жасаған дұғасы жанды жай таптырары сөзсіз. Жаратушы Йеміз әмір еткендей бір-бірімізге көмек беруге, бір-бірімізге дұғада болуға асығайық ағайын!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

src="http://fotohost.kz/images/2014/05/14/efXbD.jpg" alt="" border="0" />

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: