Қордай имамдары шекара сарбаздарымен кездесулерді жалғастыруда

Қордай имамдары шекара сарбаздарымен кездесулерді жалғастыруда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдыңғы күндері хабарлағанымыздай Қордай имамдары шекара қызметінің сарбаздарымен  кездесулер өткізді. Міне бүгін  де сол кездесулер өз  жалғасын тауып жатқанына куә болдық. Қарасу ауылдық «Ал-Хадий» мешітінің имамы С.Аманбаев ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөлімінің «Қарасу» заставасының жеке құрамымен имани сұхбат жүргізді. Сұхбаттың аты затына сай болып имам С.Аманбаев Ислам дінінің негізгі құндылықтары жайлы уағыз айтты.

Әрине бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі теріс бағыттағы топтардың әрекеті де сұхбат тақырыбынан шет қалмай, С.Аманбаев олардың жат пиғылдарын, қоғамға тигізіп жатқан зияны жайлы сөз қозғады.  Сарбаздар имам С.Аманбаевқа көкейкесті сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. 2038 әскери бөлімі командирінің орынбасары Қ.М.Алиев дін өкілі С.Аманбаевқа өз атынан және жеке құрам атынан алғысын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: