«Қолы ашықтың – жолы ашық»

«Қолы ашықтың – жолы ашық»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы аптаның сейсенбісінде Мойынқұм ауылында кезекті қайырымдылық шарасы болып өтті. Аудан орталығындағы «Баян» кафесінде ауылымыздың жеке кәсіпкері Руслан  Өрісбайұлы М.Жұмабаев атындағы мектеп-интернаттың балаларына ас берді. Интернат тәрбиешісі Жекеева Гүлнұр сонда оқитын 11 оқушыны өзі бастап алып келді. Мұнда балаларға ыстық тамақ беріліп, түрлі тәтті сусындар, көкөністер және балмұздақ  таратылды. Отбасының жылуын сезіне алмай жүрген балалар бұл күні  ерекше қуанышты болды. Бал-бұл жайнаған жүздері мұның дәлелі еді.  Интернат тәрбиешісі сөз алып, кәсіпкер азаматқа алғысын білдіріп, осындай қамқор жандар көбейе берсін деген тілегін жеткізді.

А.Керімов.

 

Ал бейсенбі күні Мойынқұм аудандық мешітіне аудан прокуроры Ұласбекұлы Нұрбек арнайы келіп, мешіт жағдайымен танысты. Мешітке жәрдем беру мұсылманның міндеті деп, өз атынан бір қой сойдырып, оны қайырымдылыққа зәру төрт отбасына таратқызып берді.  Қазақтың осындай қамқор азаматтарының қатары күн санап көбейіп келе жатқандығы қуанышты жағдай.  Садақаларыңыз қабыл, сауаптарыңыз мол болсын дейік.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: