Өскелең ұрпақ тәрбиесі

Өскелең ұрпақ тәрбиесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өскелең ұрпақ тәрбиесі  ұлт болашағы үшін аса қажетті жұмыс. Бекерден  ата-бабаларымыз «ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтпаған болу керек. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде Қордай имамдары тек колледж студенттерімен немесе жоғарғы сынып оқушыларымен шектелмей, бастауыш сынып оқушыларына да ата-баба діні, Исламның құндылықтарын уағыздауда. Осыған дәлел Қордай қалашығында орналасқан  №4 Б.Бөлтірікова атындағы бастауыш сынып оқушыларымен жүздесу. Кездесуге  аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы арнайы барды.

Бүлдіршінерге Д.Жандосұлы  Ислам дінінің қағидаларын, балапандардың сана-сезіміне сай етіп, жеңілдетіп түсіндіріп берді. Д.Жандосұлы балалардың өз ата-аналарына, ұстаздарына деген құрмет жайлы, отанға адал қызмет ету жайлы  Құран аяттарымен Алла елшісінің (с.ғ.с) хадистерімен әрлей отыра өнегелі уағыз айтты. Сөзін жалғастыра келе Д.Жандосұлы балаларға көркем мінез жайлы хикая айтып берді. Бүлдіршіндер наиб имамды мұқият тыңдап, өз сұрақтарын қойды.

Ұстаздар наиб имам Д.Жандосұлына өз алғыстарын білдіріп, келешекте осындай жиындарды көптеп ұйымдастыруға қолғабыс білдіретінін жеткізді. Біздің мақсатымыз жастарға имандылықты үйретіп, Алла дінін  көп уағыздасақ болашағымыз инша Алла жарқын болар, бекерден дана аталарымыз «бала жастан...» демесе керек. Осы үшін әрқайсымыз аянбай еңбек етуіміз қажет! Еңбегімізді ретті қылғай о, Жаратқан!

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: