Шекарашылармен өткен имани кездесу

Шекарашылармен өткен имани кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отан қорғау мақсатындағы әскери күштердің  ең алдыңғы  қатарда тұрғандары ол әрине шекара сарбаздары. Еліміздің шекара шегін жау өтпесін деп, қызмет етіп жүрген  шекара қызметі  жауынгерлерінің  рухани  кемелденуі де, діни сауатты болуы да маңызды іс.  Осыған орай ҰҚК шекара қызметінің №2038 әскері бөлімінде имани кездесу болып өтті. Кездесуге ҰҚК қызметкерлері, шекара қызметінің басшылары, офицерлер құрамы, қатардағы жауынгерлер және аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов қатысты.

Шекера қызметінің жеке құрамына  Б.Жүсіпов  Ислам дінінің тіректері жайлы уағыз айтты. Әрине кездесуде көтерілген өзекті мәселе ол жат ағымдардың іс-әрекеттері болды. Ислам шапанын жамылған жат ағымдар туралы Б.Жүсіпов жиналған қауымға түсіндіріп беріп, шекара қызметкерлерінің өздеріне де осы топтардың құрбаны болмас үшін сауат ашу қажет екендігін айтты. Бұл мақсатта біріге жұмыс істеуге шақырды. Наиб имам Б.Жүсіповқа сарбаздар мен офицерлер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға дәлелді жауапты қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: