АҚИДАҢ ДҰРЫС БОЛСА АДАСПАЙСЫҢ

АҚИДАҢ ДҰРЫС БОЛСА АДАСПАЙСЫҢ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жами» мешітінде әр күні ақшам намазынан кейін дәріс жүргізілуде. Аптасына 2 күн ақида сабағы, 2 күн «Дін мен Дәстүр» кітабынан дәріс оқылуда.

Жами мешітінде Ақида дәрісінен Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің молдасы Нұрлыханов Бақыт тартымды да, тәрбиелі сабақ беруде.

 Шу қалалық мешітінің бас имамы Үрпеков Қуат Дүйсенбайұлының бастауымен түскі бесін намазында қала мешіттерінде үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта  Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің молдасы Нұрлыханов Бақыт, Шу қаласы қант зауыт мөлтек ауданында орналасқан «Әбубәкір» мешітінің жамағатымен кездесіп уағыз-насихат жүргізді. Кездесуде негізінен сөз болған қазіргі уақытта қаптап кеткен діни ағымдарға байланысты болды. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы үшін, еліміз арасындағы бірлікті сақтау, әрбір мұсылман адамның міндеті. Ал, ол үшін еліміздің заңы, ҚМДБ-ның пәтуасына сай Әбу Ханифа мәзхабы бойынша жүрсек арамыздағы бірлігіміз сақталады.

СЕНДЕРДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫЛАРЫҢ ҚҰРАНДЫ ҮЙРЕНІП

ЖӘНЕ ОНЫ ӨЗГЕГЕ ҮЙРЕТКЕНДЕРІҢ

Шу қалалық «Жами» мешітінде ақшам намазынан кейін күнделікті Құран сабақтары жүргізілуде. Құран сабағынан дәріс беретін «Жами» мешітінің көп жылдан бері найб имам қызметін атқарып келе жатқан Қамаубаев Шаттық Жексенұлы өзінің көпжылдық тәжірибесін пайдалана отырып, ақшам намазынан кейін жиналатын жамағатқа құран сабақтарын жүргізуде.

Шу қалалық «Жами» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: