«Қордай» колледжінің студенттерімен имани сұхбат

«Қордай» колледжінің студенттерімен имани сұхбат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің қызметкерлерінің ат салысуымен  жергілікті жастармен жұмыс істеу үдерісі күшейе түсуде. Міне,  бүгінде аудан орталығында орналасқан «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің студенттерімен және ұстаздар ұжымымен имани жүздесу өтті.  Семинардың тақырыбы «Ислам құндылықтары». Имани жиынға қатысқан аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов дін сөзінің жан-жақты мағынасын ашып беріп, оның ішінде ата дін Ислам жайлы мағлұмат берді.

Ислам сөзінің бір мағынасы бейбітшілік екенін түсіндіріп өтті. Осы себепті мұсылман атаула адам өзгеге зиян келтірмейтін, Исламмен үйлесімділікте өмір сүретін тұлға екенін ескертіп өтіп, лаңкестік әрекеттер Исламға жат екенін түсіндірді. Жастарды діни сауат ашуға шақырып жат дін өкілдердің және кейбір экстремистік ұйымдардың құрбаны тек қана діни сауатсыз жастар екенін ескертті. Атауы алуан түрлі, мақсаты тек қана материалдық құндылықтарды көздеген топтарға тоқталып өтіп, жастарды теріс ағымдардың атауымен, олардың пиғылдарымен құлақдар етті. Б.Жүсіповқа  студенттер тарапынан көптеген қызықты да, маңызды сұрақтар қойылып, оларға Б.Жүсіпов мардымды жауаптар қайтарып, қызықты уағыз-насихат өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: