«Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмнің қаупіне қарсы тұрудың мәселелері мен болашағы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмнің қаупіне қарсы тұрудың мәселелері мен болашағы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі әлемдегі ғаламдану жағдайында  әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бір-бірімен өзара әреттесуі өсіп, бұл өз кезегінде жай адамдар мен мемлекеттердің арасындағы түсінісу мүмкіндігін арттырып отыр.

Осы ретте, заманауи әлемдегі осындай о ңды үрдістермен қатар экстремистік қауымдастықтың кең ауқымдағы интернационалдану мәселесі де күннен-күнге алдыңғы қатарға шығып келе жатқанын айта кету керек. Бұл, өз кезегінде, экстремизм мен оның тым шеткері көрінісі болып табылатын терроризм қаупінің ХХІ ғасырда локалдық құбылыс болудан қалып, халықаралық және ғаламдық сипатқа ие болғанын көрсетеді.

Бүгінгі күнде өтпелі жағдайды басынан өткеріп отырған посткеңестік елдерде туындап отырған экономикалық факторлар мен тұрғындардың өмірлік деңгейінің төмендігі өздігінен экстремизмнің туындауына себеп бола алмаса да, қоғамда белең алып отырған әлеуметтік қиындықтар мен жұмыссыздық радикалдық идеялардың кең таралуына игі әсер етуде. Бұл, өз кезегінде, әртүрлі бағыттағы радикалдық ұйымдардың әлеуметтік тұрғыда жәбірленген азаматтармен үнемі толығып отыруына жол ашады.

Сондықтан, әлемдік және аймақтық деңгейдегі діни-саяси экстремизмнің кең қанат жаюымен қатар туындайтын бүгінгі күндегі күрделі мәселелер мен үдерістерден Қазақстанның шет қала алмасын ескере отырып, жат діни ағымдардың теріс идеялары мен әрекеттеріне қарсы заңнамалық және идеологиялық тосқауыл қоюдың жолдары мен тетіктерін талқылаудың, нақты іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.

Діни экстремизм мен терроримзнің алдын алу, конфессияаралық келісімді нығайту, діни төзімділік пен ұлтаралық бейбітшілікті дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың23 сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар» сарайында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмнің қаупіне қарсы тұрудың мәселелері мен болашағы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының мекеме басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, теологтар, дінтанушылар, діни бірлестік мен үкіметік емес ұйымдар және этномәдени орталықтардың өкілдері, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысады.

Сондай-ақ, конференцияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков, облыс прокурорының орынбасары Айдос Серікханұлы Майлыбаев пен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің ректоры Махметқали Нұрғалиұлы Сарыбеков және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Нарымбетов Еркебулан Полатбекұлы мен Тараз қаласында орналасқан мешіттердің имамдары қатысты.

Ахметов Айнабек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: