Құранмен сүннетті білген құл азбайды.

Құранмен сүннетті білген құл азбайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты имамдарды атестацсиялауға келген комиссия мүшесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пәтуа бөлімінің қызметкері, Сансызбай Құрбанұлы «һибатулла Тарази» мешітінің жамағатымен жүздесуде, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің сәлемін жеткізіп, ақида тақырыбында уағыз айтты. Бесін намазынан соң Сансызбай қажы Құрбанұлы жамағатқа тартымды уағыз жүргізіп, өкіл имам Жұмабаев Данрияр қарының атқарып жатқан қызметіндегі ұйымдастырушылығына риза болғанын білдірді.


Сансызбай Құрбанұлы Әбу Ханифа мазхабы бойынша намаз оқу және хадистердің шариғаттағы орынын түсіндірумен қатар, пайғамбарымыз (с.ғ.у) былай деген: «Кімде-кім діни мәселеде қырық хадис үйреніп, (жаттап, дәптеріне жазып алып) үмметіме жеткізсе, Хақ тағала оны фықыһ ілімін меңгерген фақиһтар мен ғалымдар арасында тірілтеді». Ибн Аббас жеткізген бір хадисте: «Кім сүннеттен қырық хадис үйреніп, үмметіме жеткізсе, Қиямет күні мен оған шапағат етемін, әрі оны жақтап куә боламын», - делінеді. Сондықтан сіздер намаз өтеумен қатар күнделікті өмірде қойылатын сұрақтарға дәлел болатын хадистен кемінде, бір адам үш хадисты мағынасымен біліп жаттап алу керектігін айтты. Шынайы ықыласпен айтқан насихатқа, жамағаттың ризашылығында шек болмады.


Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: