Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм: себептері және алдын алу шаралары» атты ғылыми-тәжірибелік көнференция болып өтті.
Конференцияға дінтанушы ғалымдар мен қоса облыстық IIД-ның экстремизмге қарсы басқармасының қызметкері, Абишев Ринат, Аталмыш университеттің ректоры, ф.ғ.д, Ерболат Байұзақұлы, ұлағатты ұстаздар мен студенеттер қатынасты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы жастар өкілі, Аманбаев Ержан конферанцияда баяндама жасап « діни экстремизм мен терроризмнің миссионерлері ғылым техника дамыған заманда, ғаламтор желісі арқылы үгіт жүргізетінін айта келе, «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Соңғы жылдарда діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. олардың алдын алу шараларын бірлесе отырып қарастыру, қоғам тыныштығы мен асыл дінімізге тигізер зардаптарын ортақ ойласу керектігін жеткізді.» жалпымыз ортақ бір мақсатта, ұстанымда бір мазхабта болайық ағайын.
Көгедай Шәмерхан