Наурыз көже дайындалып, дәм таттырылды

Наурыз көже дайындалып, дәм таттырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековтың ұйымдастыруымен аумақ тұрғындары үшін дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Наурыз мерекесінде дайындалатын «наурыз көженің» ислам мәдениетіндегі «ашура тәттісімен» мазмұны бір. Нұх (ғ.с.) кемеден қауымымен жерге түскенде дорбаның түбінде там-тұм қалған түрлі дақылдарды қазанға салып пісіріп, содан «ашура тәттісін» жасаған.

Рухани шараның мақсаты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазреттің үстіміздегі жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауы мен үндеуін қолдау еді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қары Жұмабаев мырзаның тапсырмасымен шараға қалалық «Әулие ата» мешітінің Бас имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ, қаладағы «Әбдіқадір» мешіті мен «Рахман Рахим» мешітінің имамдары Айнабек Ахметов пен Нұрматжан Миразизовтар қатынасты. Шара барысында асыл дініміз құндылықтары мен дәстүріміздің шариғатқа қайшылығы болмаған тұстары көп екендігі туралы кең ауқымды уағыз-насихаттар айтылды.

Шілмембетов Рысбек Омарұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: