Білмді айтқан асыл сөз, оятар ұрпақ санасын

Білмді айтқан асыл сөз, оятар ұрпақ санасын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда «жемісті ағаш жерге иіліп тұрады, білімді адам елге иіліп тұрады.»- деген тұжырымды мағынасы терең ақылия  бар. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбиелеуде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.  

    Осы сөзімізге дәлел болатын ілім иелерінің ортамызда барлығы және алған ілімін өзгеге үйретуі  мұсылман баласына тән асыл қасиеттен тұрады. ҚМДБ-ның  Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты имамдарды атестацсиялауға келген комиссия мүшесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пәтуа бөлімінің қызметкері, Сансызбай Құрбанұлы «һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерімен танысып ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында, Сансызбай Құрбанұлы пайғамбарымыз(с.ғ.с)- ның хадистерінен мысал келтіре отырып « Білімді адам өлімінен кейін артынан пайда беретін ілім қалдырса, сауабы тоқтамайтын амал қалдырған болады. Бұл іс әуелі, басқаларға ілім үйрету арқылы жүзеге асады. Әрине шәкірттер, шәкірттердің шәкірттері осы ілімді амал етуі. Екіншісі: кітап жазып қалдыру арқылы болады. Құран, хадис және діни ілімдер бойынша мұсылмандарға пайда келтіретін басқа ілімдер бойынша және ықылас пен кітап жазып қалдырған адамға, егер кітаптан мұсылмандар ілім алып пайдаланса. Ол өлгеннен кейін де оның сауабы үнемі жетіп тұрады. Үшіншісі: ілім жолында қызмет ету арқылы болады. Мысал үшін, мүмкіндігі бар адам ілім алушыларға, ұстаздарға, ілім жолында жәрдем беріп, медресе құрды, кітап жазды, өз есебінен кітапхана салдырды. Міне осыған ұқсас амалдар ілім жолында қызмет еткен болып табылады. Бұларды істеген адам дүниеден өтіп кетсе де артынан сауабы барып тұрады. Ілімге құштарлық Алланы тануға құштарлық. Екенін айтып, Алланың Құранда айтылатын сипаттарын түсіндірді.» Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына, еліміздің бірлігі үшін дін жолында қызмет етушілерге құрмет арта бермек. Алла отбасы балашағаларына бақ-береке берсін.

                                                                                      Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: