Имамдар білімін тексеру, бәсекеге қабілеттілігін анықтау

Имамдар білімін тексеру, бәсекеге қабілеттілігін анықтау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл обылысында, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Тараз қаласы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өтуде. Имам-молдаларды аттестациялауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін істері бөлімінің меңгерушісі, Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, кадр бөлімінің меңгерушісі Бекмұратов Байұзақ Орынбасарұлы және фәтуа бөлімінің қызметкері Сансызбай Құрбанұлы келді.
5 күнге созылатын шарада мамандар имам-молдалардың біліктілігін, тәжуид, ақида, ислам тарихы, фиқһ, ілімдерімен қоса әкімшілік сұрақтар қою арқылы аттестациядан өткізбек.

Діни басқарманың жарлығы бойынша жасалып жатқан іске облыстық оталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің имамдары, қала, аудан мешіттерінің бас имамдары болып жалпы 200 ден аса имам қатынасуда.
Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жаңа бағдарламасын ұсынғанда, «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек. »,- деп ескерту жасаған еді. Жалпы ағарту мен рухани салада қызмететкен азаматтарға қойылатын талап ауыр. Халық бірлігінің ұйтқысы болатын, имамдарымздың да бәсекелі қабілетке дайын екенін, осы тексеруден байқай аламыз.

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: