Меркі ауданындағы шекара әскери бөлімде өткен кездесу

Меркі ауданындағы шекара әскери бөлімде өткен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Меркі -ата» мешітінде экстремизм, терроризм және жат ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық үгіт-насихат тобы құрылған. Осы ақпарат топтың мүшесі «Меркі-ата» мешітінің найб имамы Жанықұлов Нұрбек Меркі теміржол бекетінде орналасқан шекара қорғау бөлімінің әскери қызметкерлерімен кездесіп қайтты. Бұл кездесудегі негізгі тақырып, экстремизм, терроризм және жат ағымдардың алдын алып, дәстүрлі Ислам дін тұрғысында бұл әрекетке қалай қарайтындығы туралы әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жыл «Дін және дәстүр» жылы деп жарияланғаны турасында хабардар етті.

Ата-бабамыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен тәуелсіздікке жеткізудің арқасында асыл дініміздің өркендеуіне және салт дәстүріміз, мәдениетіміз, игілігіміз- дінімізге толық мүмкіндік алдық.

Дін мен дәстүр ұлтымыздың бекем қалыптасуына септігін тигізуіне еш күмән жоқ , дей келе дін және дәстүр мәселесіне жеке тоқталып, талдау жасап, қатысушылардың көңілінен шықты. Әдеттегідей сұрақ-жауап беріп тарқасты.

 

 

Аудандық «Меркі-ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: