Жасаған ортаны жасылдандыру, жалпыға ортақ міндет.

Жасаған ортаны жасылдандыру, жалпыға ортақ міндет.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз төріндегі, Экологиялық айлық аясында өткізілген ауқымды іс-шараға, қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім, денсаулық сақтау қызметкерлері, кәсіпкерлер, «Әулие- Ата» жастары бірлесіп белсенділік танытты.


«Қазақстан-2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша «Жасыл- ел» бағадарламасын іске асыру мақсатында, Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігі жастар саясаты басқармасының ұйтқы болуымен, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, «Парасат» колледжі, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешіті мен қала имамдары бірлесіп «Жасыл қала- Таразым» атты экологиялық акция болып, «Тектұрмас Баба» кесенесі мен «Атакент-Тараз» базарының аумағына 3000 түп ағаш отырғызылды. Аталмыш шараға «Һибатулла-Тарази» медресе шәкірттері қатынасты.


Ұйымдастырылған акцияны ашу үшін, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жақыпбаев Мақсат, Тараз қаласының әкімі Календаров Нұржан, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжабаев Кенжебек, ҚМДБ-ның Жамбыл облыс бойынша өкіл имамы «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қары, ЖГТУ-дың ректоры, э.ғ.к, профессор Қошқаров Жомарт Қасымханұлы қатынасты.


Акцияда сөйлеген өкіл имам, Жұмабаев Данияр қары « Жемісті-жеміссіз ағаштардың және ормандардың адамдарға тигізетін пайдалары санауға келмейтіндей мөлшерде көп. Адамзатқа осылай ағаш отырғызып пайда тигізудің, қызмет етудің дініміздегі маңызы да үлкен. Бұл жөнінде «Бір ағаштан желінген немесе пайдаланылған нәрселер сол ағашты отырғызған адамға садақа сауабы болып жазылады.» (Мүслим) Отырғызылған ағаштың көлеңкесінен адамдар пайдаланатын болса, ағашты отырғызған адам үшін сауап жазылады.
Ол ағаштың неғұрлым көп пайдасы тиетін болса, сауабы да соғұрлым көп болатыны жеткізіп,» акцияға қатынасқан жастарға ақ батасын берді.


Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: