Отан отбасынан басталады

Отан отбасынан басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы орта мектебінің ұстаздары мен жергілікті орын білім басшыларының ұйтқы болуымен, «отбасы сыйластық пен жарастықтың бастауы » тақырыбында жиналыс боып өтті.

Аталған жиналысқа, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің филиялы, аудадандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы. Ақсақалдар алқасының төрағасы, Бижанов Қожайқан, Аудандық білім болімінің бастығы Утеулиева Ляззат қатарлы кісілер қатынасты.

Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі отбасы туралы талқыланған жиналыста Джадраев Сұлтаншәріп қажы, пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) хадис шарифінде былай деген: «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауларың керек! Оларға Мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» әуелі келешек ұрпаққа дұрыс тәрбие беру ата-анадан кейін ұстаздарға жүктеледі. Сол үшін ұстаздың ұстамы жақсы болғаны дұрыс.

Өнегелі тәрбие, жүректен шыққан жылы сөзі арқылы ұрпақ санасына жетеді. Бойымыздан кеңпейілділік, кешірімділік, сүйіспеншілік, жолдастық сияқты адамгершілік құндылықтарды оятып, адалдық болған жерде береке болады. Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Сондықтан тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілу керек.»,- деп жеткізді.


«Сұлтан» мешітінің наиб имамы,
Шералиев Фархат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: