Қордай ауданы Қарасу ауылындағы игі іс-шаралар

Қордай ауданы Қарасу ауылындағы игі іс-шаралар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шекара шекінде орналасқан Қарасу ауылында Аллаға шүкір атқарылып жатқан істер көп. Сөзімізге дәлел ретінде бірнеше орын алған оқиғаны сипаттап берсек деген ниеттеміз. Бірінші іс-шара осы ауылдағы «Али Амир» спорт мектебінде болды. Мектеп шәкірттеріне осы ауылдағы «Әл-Хадий» мешітінің имамы С.Аманбаев «Тәні саудың жаны сау» «Қуатты мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ» деген тақырыптарды шоли келе, жастар араында тамыр жайып бара жатқан теріс ағымдар жайлы сөз қозғады. Жастар өз тарапынан дін өкілі С.Аманбаевқа өздерін тебірентіп жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.


Екінші келелі оқиға, Карасу ауылдық округінің кітапханасында болды. Ауыл кітапханасында Ислам кітаптары бұрышы ашылды. Осыған орай кітапханада «дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесері де өтті. Аталмыш жиынға ауыл әкімі М.Күзербаев, №7 мектеп директорының орынбасары Г.Саймасаева, ауыл ақсақаладар кеңесінің төрағасы Б.Айтпаев, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл әкімі М.Күзербаев «дін мен дәстүр» кітабі жайлы сөз қозғап, кітаптың жақсы тұстары көп екендігін айтып, кері тартпа ағымдармен күресте қолданылатын бірден-бір еңбек екендігін айтты. Ауыл ақсақалы Б.Айтпаевта кітаптың құндылығы жайлы сөз қозғап балалар тәрбиесінде қолдану қажеттігін тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары имам С.Аманбаев сұрақтар қойып, оларға имам мырза кәсіби жауаптар қайтарды. Осылайша ауылдық ктапханада ислами әдебиеттер бұрышы ашылып, «дән мен дәстүр» еңбегіде осы кітапханада өзіне лайықты орнын алды. Кітапханадағы ислами бұрыш ауыл тұрғындарының жат ағымдардың жетегінде кетпей, діни сауатын ашуға септігін тигізеді деген сеніміміз бар. Ниетімізді іске асыруын Алладан тілеудеміз.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің
наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: