Білікті ұстаз қадамы, бүгінгі заман талабы.

Білікті ұстаз қадамы, бүгінгі заман талабы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығы бойынша Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы 2014 жылдың 16 сәуірінен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы, Жамбыл облысы Тараз қаласы «Шейх Зүннүн» мешітінің бас имамы және «Һибатулла-Тарази» медресесінің ұстазы қызметінен босатылып, Павлодар облысы Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне директор болып ауысты.

Жұбайы Шадиева Зауре Шамшидиновна 2014 жылдың 16 сәуірінен ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған діни сауат ашу курсының қыздар бөлімінің ұстазы қызметінен босатылып, Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жанынан ашылған діни сауат ашу курысының қыздар бөліміне ұстаз болып тағайындалды.


Негіз: З. Шадиеваның 15.04 .2014-ж. өтініші және ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтың 15.04 .2014-ж №109 ұсынысы бойынша шешімі. Өскелең ұрпаққа үлгі болып, шәкірт тәрбиелеуді мақсат еткен ұстаздардың қадамына шын көңілден сәттілік тілейміз.


Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: