Қордай имам-молдаларының аттестацияға дайындығы пысықталды

Қордай имам-молдаларының аттестацияға дайындығы пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың ұйғарымымен аудан бойынша имам-молдалар кезекті жиналысқа жиналды. Әрине жиналыстағы басты мәселе ол келе жатқан сараптамаға дайындық болды. Имамдарға аттестацияның қыр-сырын, ондағы талаптарды бас имам Ә.Шалбай тағы бір еске салып, сәттілік тіледі. Келесі мәселе ол ҚМДБ тарапынан келіп түскен бұйрықтардың орындалу барысы егжей-тегжейлі талқыланып, Бас Мүфти Е.Малғажыұлы бегілеген төрт бағыт бойынша жұмыс қарқынын арттыру тапсырылды.

Жаздық мерзімде сауат ашу курстардың жұмыс өрісін арттырып, кеңейту де қатаң түрде аудан имамдарына жүктелді. «Дін мен дәстүр» кітәбі таратылып, аталмыш еңбекті тиімді пайдалану қажеттігі айтылып, тәрбие жұмысында мектеп мұғалімдермен, ата-аналармен қоян қолтық жұмыс атқару қажеттігі де тілге тиек етті Ә.Шалбай. Жиналыс ақсақалды имамдардың бата беруімен өз мәресіне жетті.


Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: