Киелі Қордай жерінде дініміз дәріптеліп, ұлтымыз ұлықталды.

Киелі Қордай жерінде дініміз дәріптеліп, ұлтымыз ұлықталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың ұйытқы болуымен аудандық әкімшілік ғимаратында  Бас мүфти Е.Малғажыұлының жетекшілігімен шыққан «Дін мен дәстүр» кітабінің тұсаукесері өтті.  Игі шараға арнайы түрде Қордай ауданының әкімінің орынбасары Б.Жамангөзөв, Мәслихат хатшысы Б.Әлімбет, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Б.Ыбышева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Байділдаев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мектеп директорларының орынбасарлары, колледж директорлары шақырылды. Жиынды Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т Жамангөзөв жүргізіп алғашқы сөз аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлына берілді.

Д.Жандосұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы сөз қозғап, ата-баба дәстүрін дәріптей отыра, дініміздің кең етек жаю жолдары жайлы ой-пікірін білдіріп, «дін мен дәстүр» кітабынан үзінділер оқып беріп, ұрпақ тәрбиесінде өзгенің таңсығын алғанша, ата-баба дінін, төл мәдениетімізді нұсқаулық етуге шақырды. Жиынды жалғастырған мемлекеттік қызметкер, ауданымыздың құрметті азаматы Б.Б.Байтөле: «Дін бұл баршамызға ортақ дүние. Қазақ халқының ассимиляциядан аман алып қалған бұл дін. Осы кітап дінімізді дәріптейтін, ұлттылығымызды  ұлықтатын уақытылы жарық көрген еңбек» –деп жоғары баға берсе,  ақсақалдар алқасының төрағасы  Б.Байділдаев мектеп мұғалімдеріне қарап, жастарды тәрбиелеуге арналған құнды еңбек екенін ескертіп, орысша айтқанда : настольная книга каждого»-деп ұстаздарға үндеу салды.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Т. Жамангөзөв «дін мен дәстүр кітәбі бұл мектептерде ұрпақ тәрбиесіне байланысты кең қолданылатын, дін мәселесінде жүгінетін тәрбиелік мәні зор еңбек»- екенін ескертіп, «дін мен дәстүр» кітабы барлық мектеп мұғалімдеріне, мектеп кітапханаларына тарату қажеттігін айтып, қолдау көрсететіндігін айтып қуантты. Жиналысты қорыта келе Ә.Шалбай аудан Бас Мүфти Е.Малғажыұлы  бекіткен үш бағыт бойынша аудан ішінде қандай жұмыстар атқарылып жатқандығыгн сөз етіп, «дін мен дәстүр» жылы аясында өскелең ұрпақ үшін, мұсылманшылығымен қазақилығы айырылмаған ұрпақ тәрбиелеу жолында қоян қолтық жұмыс істеуге шақырды. Б.Т Жамангөзөв отырысты өте пайдалы, нәтижесі  берекелі болатын жиын екенін айтып, Ә.Шалбайға, мешіт қызметкерлеріне өз алғысын айтты. Жиын соңында барша қатысушыларға «дін мен дәстүр» кітабы сыйға таратылды. Еңбегіміздің берекесін бере гөр  о, Жаратқан!

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: