Ұлағатты ұстаздан ұрпақ алар тағылым

Ұлағатты ұстаздан ұрпақ алар тағылым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында ғана оңтүстік Астана Алматы қаласында, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет, еліміз бойынша ашылған медреселердің директорларын жинап, медреселердегі діни оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру, жаңа талаптар қойып, шәкірттердің білім сауиясын жоғарлату мақсатында ұсыныстар қойған болатын.


Аталмыш жиналысқа қатынасып қайтқан, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабев Данияр қары, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздарымен жиналыс өткізіп, медресенің жетістіктері мен кемшіліктері, даму бағыты жөнінде бірқатар түйіндерді ортаға салды. Алдағы оқу маусымы мен дайындық курсқа шәкірт қабылдау туралы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Медреседегі шәкірттердің Араб тілін меңгеруіне жетекшілік етіп, өзінде бар білімін шәкірттерге қалтқысыз арнаған, Мысырдан келген доктор, Юныс Хұсеиіннің еңбегін ұстаздар құрамы айырқша ауызға алып, шексіз алғыстарын білдірді. Медресе директорының орынбасары Оразов Исатай Медересенің жалпы ақуалын баяндай келе, шәкірттердің сабақ үлгеріміне көмектесіп, тәрбиеші ұстаздық қызметін атқарып жатқан Жұбатқан Жалғастың еңбегін атайкеле, кей күндері жұмысқа кешігіп келетін ұстаздарғада ескерту жасады.


Өкіл имам Жұмабаев Данияр қары « діни оқу- ағарту жұмысына атсалысып, ұстаздық қызмет атқару-оңай жұмыс емес. Діни білім беру адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіруді шарт етеді. қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты рухани тәрбие беруде. Еліміздегі медреселердің мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік қасиетін сақтауына жол нұсқау, сол себепті жастардың рухани санасының дамуына бағыт көрсетіп, діни сауаты жоғары деңгейдегі мамандық иесі деген атқа лайық шәкірт даярлау үшін, қолға алынып жатқан шаралар бір сәтке баяуламайды. Жылдан-жылға ұстаздарға қойылатын талаптар ауырлап, медреселер арасындағы білім бәсекесі де артады.» деп түсіндірді. Лайім іліммен бәсекеде топ жарып, Отанның мақтанышына айналатын ғалымдардың медреселерімізден түлеп ұшуына тілектеспіз.


Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: