Келелі кездесуде, айтылған құнды кеңестер

Келелі кездесуде, айтылған құнды кеңестер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т .Рысқұлов ауданы М. Өзбеков атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Алла –бір, Пайғамбар хақ» тақырыбында имаммен кездесу өтті. Кезедсуге, Т.Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы. Журналист Сейсен Қожеке , кітапхана қызметкерлерімен мектеп оқушылары қатынасты.

           Имам  Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі алуға былай деп үндейді: «Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ.  Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ.» Пайғамбар – елші деген сөз. Алла мен пенде арасында елшілік қызмет атқарған айрықша рухани тұлғаны пайғамбар дейміз. Алланың уаһи-аяны түскен таңдаулы тұлға және ақырғы пайғамбар ол Мұхаммед (с.а.у). Адам баласына, мына алдамшы бес күндік дүниеде қалай өмір сүрудің жолын, Жаратушы Алланы  қалай ұлықтап, сиынуды, берген рыздық-несібесіне шүкіршілік етіп, құлшылық жасаудың, жолын көрсетуші Мұхаммед (с.а.у) екендігінде еш күмән жоқ. Сол үшін мұсылман баласы сүннет пен парыздан бөлек жол арқылы бақыт  таба алмайды.  Адамдардың көксеген қиялы, ойлаған ойы тек білім алумен, елге адал қызмет өтеуде жатыр. Мына жас жеткіншектер еліміздің ертеңі, жастарға дұрыс-тәлім тәрбие беру, жалпымызға ортақ міндет»,-деп түсіндірді.

 

                                         «Сұлтан» мешітінің найб имамы,  Шералиев Фархад

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: